МЕКТЕП ТАРИХЫ
«Магистр» жекеменшік мектебі– қайта құру, қоғам мен әркімнің санасы өзгерген кезеңіндегі,1995 жылдан бастау алады. Сол кезде бір топ жас бастамашыл ұстаздар жаңа заманауи мектептің үлгісін жасауды шешті.
Алғашқы негізін қалаушы Константинов Борис Васильевич пен оның серіктестері: ағылшын тілі мұғалімі Приданова Вера Алексеевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лотоева Марина Витальевна, бас есепші Дегай Светлана Николаевна, бастауыш сынып мұғалімі Ясницкая Тамара Степановна, тарих пәнінің мұғалімдері Избакиева Галина Аскаровна мен Самсонова Жанна Ивановна , физика пәнінің мұғалімі Леншина Софья Ивановна, математика пәнінің мұғалімі Валиуллина Марина Юрьевна ынта-ықыласының арқасында жоспарды ойдағыдай орындауға мүмкін болды.
Біртұтас топ болып жоғары дәрежелі мамандар , заманауи және қарқынды дамып жатқан әлемнің қажеттіліктеріне сәйкес келетін,қажетті білім көлемін бере алатын мектеп жобасын әзірлеуге қосылды.
Сол кезде мектеп ашатын орын, материалдық-техникалық және оқыту базасы, инвесторлар жоқ. Бірақ жаңа форматтағы , мектеп-отбасы, монолитті триада: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар сияқты мектеп құруға деген зор ынта бар. Балалардың ғажайып әлемге, саналы өміріне портал болатын мектеп.
Бірінші баспанамыз мектеп-интернат болды, онда екінші ауысымдағы сабақ өткізу үшін бірнеше кабинеттер бөлінген. Жиһаз, оқулықтар, оқу құралдарын іздеу барысында басқа мектептерге баруға тура келді. Бірте-бірте , бірінші жылы толыққанды бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қабылдау жасалынды. Қоңырау соғылып, жекеменшік мектеп «Магистр» алғашқылары парталарына жайғасты!
Бір жылдан кейін – 1996 жылы – мектеп жаңа баспананы тапты, ол осы күнге дейін жұмыс істеуде. Бастапқыда ғимарат жөндеуді ғана емес, инженерлік коммуникацияларды, шатырларды, едендерді, терезелер мен есіктерді толығымен қайта жаңғыртуды қажет ететін күйде болды. Бірақ – қаланың орталығы, қарағай, шырша, қайың, сирень егілген жасыл оазис!
Мектептің негізін қалаған пікірлестер ұжымы еш қиындықтан қорықпады! Біртіндеп ғимарат абаттандырылды, оқу кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алынды, кітапхана қоры толық көлемде қалыптастырылды, компьютерлік база жүйелі түрде жаңартылды, шағын стадион, спорт, баскетбол және волейбол алаңдарына арналған жеке ғимарат, тренажерлармен жабдықталған ойын алаңы салынды. Кемелділікке шек жоқ, сондықтан бірде-бір жаңа маусым материалдық базаны жақсартусыз аяқталмайды. Алайда, мектептің басты мақтанышы – ұстаздар қауымы.