Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізген «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша мақтанатынымыз бар! Ал дәлірек айтқанда - кіммен мақтанатынымыз бар! Олимпиада жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өтті. «Магистр» мектебінің атынан бастауыш және орта буын мектеп оқушылары шықты! Алған нәтижелері өздері үшін айтады! 1 «А» сынып Шейпак Аделина – 3 орын 2 «А» сынып Плышевский Алексей - 3 орын 3 «Б» сынып Дегай Леонид - 1 орын, Денисова Кира - 2 орын Гаганина Алиса - 3 орын 8 «Б» сынып Чернов Егор – 3 орын 9 «А» сынып Кудайбергенова Лаура – 3 орын Ли Роман – 3 орын Керемет нәтижелер! Шәкірттерін дайындауға көмектескен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Ал, олимпиадашыларымызға алдағы уақытта да жеңістерге жетуге тілейміз! Жеткен жетістіктеріңізде ешқашан тоқтамаңыздар!