Галерея событий на казахском

Отанды қорғауға дайынбыз!

Республика күні қарсаңында «Магистрде» Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының құрметіне – әскери-патриоттық спорт түрлері бойынша «Жас сарбаз» - «Отанды қорғауға дайынбыз!» атты жалпы мектепішілік іс-шара өтті.

Спорттық сайысқа 9-11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Төреші ретінде Қазақстан Республикасының әскери қозғалыстарының ардагерлері қатысты. Шараны ұйымдастырған әскери командиріміз Сергей Борисович Крыловқа үлкен рахмет.
Жігіттер допты себетке лақтыру,күшті сынау,төзімділік бойынша жарысты және де жылдамдыққа әскери киім мен противогазды киюде ептілік танытты, сонымен қатар арқан тартуда ұйымшылдық пен командалық рухты көрсетті.

10 «Б» тобын өз командасының жеңісімен құттықтаймыз! Қалғандарға белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет! Бұл тамаша жарыс болды!
Оқиғалар мен мерекелер