МЕКТЕП ТАРИХЫ
«Магистр» жекеменшік мектебі– қайта құру, қоғам мен әркімнің санасы өзгерген кезеңіндегі,1995 жылдан бастау алады. Сол кезде бір топ жас бастамашыл ұстаздар жаңа заманауи мектептің үлгісін жасауды шешті.

Алғашқы негізін қалаушы Константинов Борис Васильевич пен оның серіктестері: ағылшын тілі мұғалімі Приданова Вера Алексеевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лотоева Марина Витальевна, бас есепші Дегай Светлана Николаевна, бастауыш сынып мұғалімі Ясницкая Тамара Степановна, тарих пәнінің мұғалімдері Избакиева Галина Аскаровна мен Самсонова Жанна Ивановна , физика пәнінің мұғалімі Леншина Софья Ивановна, математика пәнінің мұғалімі Валиуллина Марина Юрьевна ынта-ықыласының арқасында жоспарды ойдағыдай орындауға мүмкін болды.

Біртұтас топ болып  жоғары дәрежелі мамандар , заманауи және қарқынды дамып жатқан әлемнің қажеттіліктеріне сәйкес келетін,қажетті білім көлемін бере алатын мектеп жобасын әзірлеуге қосылды.

Сол кезде мектеп ашатын орын, материалдық-техникалық және оқыту базасы, инвесторлар жоқ. Бірақ жаңа форматтағы , мектеп-отбасы, монолитті триада: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар сияқты мектеп құруға деген зор ынта бар. Балалардың ғажайып әлемге,  саналы өміріне портал болатын мектеп.

Бірінші баспанамыз  мектеп-интернат болды, онда екінші ауысымдағы сабақ өткізу үшін бірнеше кабинеттер бөлінген. Жиһаз, оқулықтар, оқу құралдарын іздеу барысында басқа  мектептерге баруға тура келді. Бірте-бірте , бірінші жылы  толыққанды бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қабылдау жасалынды. Қоңырау соғылып,  жекеменшік мектеп «Магистр» алғашқылары парталарына жайғасты!

Бір жылдан кейін – 1996 жылы – мектеп жаңа баспананы тапты, ол осы күнге дейін жұмыс істеуде. Бастапқыда ғимарат жөндеуді ғана емес, инженерлік коммуникацияларды, шатырларды, едендерді, терезелер мен есіктерді толығымен қайта жаңғыртуды қажет ететін күйде болды. Бірақ – қаланың орталығы, қарағай, шырша, қайың, сирень егілген жасыл оазис!

Мектептің негізін қалаған пікірлестер ұжымы еш қиындықтан қорықпады! Біртіндеп ғимарат абаттандырылды, оқу кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алынды, кітапхана қоры толық көлемде қалыптастырылды, компьютерлік база жүйелі түрде жаңартылды, шағын стадион, спорт, баскетбол және волейбол алаңдарына арналған жеке ғимарат, тренажерлармен жабдықталған ойын алаңы салынды. Кемелділікке шек жоқ, сондықтан бірде-бір жаңа маусым материалдық базаны жақсартусыз аяқталмайды. Алайда, мектептің басты мақтанышы – ұстаздар қауымы.
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушылары мен мектепалды даярлық топтарының ата-аналары!
Жыл сайын 1 сәуірден бастап ЖММ "МАГИСТР" 1-сыныпқа және мектепалды даярлық тобына балаларды қабылдау туралы хабарлайды.

2024 жылдың 1.09-не қарай бала бірінші сыныпқа барған кезде - кемінде 6 жаста болуы тиіс.

Балалармен сұхбат күн сайын сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін жүргізіледі. Мектебімізде сіздерді көруге қуаныштымыз!

Бастауыш сынып мұғалімдері
  • Мартушенко Татьяна Александровна
    Жоғары санатты мұғалім, ҚР Білім Үздігі, әдіскер Ұстаз, «Аға оқытушы» атағының иегері.
    Еңбек өтілі – 42 жыл
    «Жақсы білім алу үшін,көтеріңкі көңіл күймен оқу керек»
  • Гезер Анна Алексеевна
    Еңбек өтілі-35 жыл.
    «Әркімнен үйрен,ешкімге еліктеме»М.Горький
  • Кулешова Виктория Дмитриевна
    2 санатты мұғалім
    Еңбек өтілі – 6 жыл
    «Жақсы ұстаз атану үшін,өз мамандығынды және кімге білім беріп жатқанынды жақсы көру керек»
  • Тригубчак Ксения Владимировна
    Еңбек өтілі – 2 жыл
    «Бала бұл сумен толтыруды қажет ететін құмыра емес,бұл жағуды талап ететін шырақ»
Жаратылыстану -математика пәнінің мұғалімдері
  • Нурова Дильбар Рахимовна
    Математика пәнінің мұғалімі
    -Жоғары санатты мұғалім.
    -Оқушыларды халықаралық математикалық олимпиадаларға және АҚШ университеттеріне түсу үшін арналған SAT емтихандарына даярлау.
    -Еңбек өтілі-46 жыл
    "Дүниеде екі бақыт бар: математиканы оқу,білу және де оны оқушыларыма үйрету.Бақыттың екеуі де менде бар! Мен бақытты адаммын!"
  • Попова Лилия Геннадьевна
    Химия,биология,жаратылыстану пәнінің мұғалімі
    -Еңбек өтілі-44 жыл
    "Уақытарыңызды бағалаңыз. Созбай,әрекет етіңіз».
  • Яременко Татьяна Николаевна
    Физика пәнінің мұғалімі
    -«Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерейтойлық медалінің(2003 ж.), «Құрметті ұстаз» медалінің(2018), ауыл мектептері арасындағы өткен физика пәні мұғалімдерінің республикалық олимпиадасынан 1 орын алғаны үшін Білім және ғылым министрлігінің сертификат иегері(2002 ж.), сонымен қатар көптеген облыстық сертификаттар иесі.
    -Еңбек өтілі-43 жыл
    "Мүдделі емес мұғалім жай айтады. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Дәріпті мұғалім көрсетеді. Ұлы ұстаз шабыттандырады». Уильям Артур Уорд
  • Теренов Михаил Юрьевич
    Физика,робототехника,информатика пәнінің мұғалімі
    -Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры, ақпараттық жүйелер магистрі. Электроника, робототехника және бағдарламалау курстарының оқытушысы. Информатикадан облыстық, қалалық олимпиадаларға жеңімпаздарды дайындау.
    -Еңбек өтілі-15 жыл
    "Білім - әлемді өзгертуге болатын ең күшті қару!"
  • Картаев Абай Аскарович
    Математика пәнінің мұғалімі
    -Математикадан халықаралық олимпиадаларының жүлдегері .Шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті емтихандарына оқушыларды даярлау.
    -Еңбек өтілі-7 жыл
    "Баға -бұл көрсеткіш емес".
  • Иманбеков Адильбек Данабеквович
    География жаратылыстану пәнінің мұғалімі
    -Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтаумен айналысатын қауымдастығының белсенді мүшесі.
    -Еңбек өтілі- 3 жыл.
    «Білімді біз тек балалық шақ пен мектеп кезінде алмаймыз,оны барлық жерден және өмір бойы үйреніп келеміз».
  • Бізбен байланысу
    Телефон: +7(727) 394-49-94, +7(727) 394-48-15
    Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-3, 14 ықшам ауданы 050040/А15С9P5
  • Жұмыс уақыты
    Дс-Жм сағ. 08:30-дан 18:00-ға дейін
    Сб-Жб демалыс күндері
© 2022 МАГИСТР МЕКТЕБІ
Лицензия #0011994 от 18.08.2004 г.